13 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №386

620 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 23 сәуір,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту туралы «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 70-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастықтары: 1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін және оның талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін; 2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын. 4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол және арнайы полиция бөліністерінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді қабылдау, есепке алу, сақтау және жұмсау туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 78 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6096 болып тіркелген, «Заң» газетінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 60 (1682) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) және Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне (Б.Ш. Исенова) жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қ.ҚАСЫМОВ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 386 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді (бұдан әрі – КҚТК) дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі – МТНБ), оның ішінде МТНБ телнұсқаларын беру және дайындау тәртібін айқындайды. МТНБ телнұсқасы ұқсас цифрлық және әріптік белгілері бар, жоғалған және (немесе) ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін МТНБ-ның орнына берілетін МТНБ болып табылады. 2. Ішкі істер органының басшысы: 1) материалдық жауапты адамды (бұдан әрі – материалдық жауапты адам) – ішкі істер органдары тіркеу-емтихан бөлінісінің дайындалған КҚТК-ны және МТНБ-ны қабылдау, есепке алу және сақтау, сондай-ақ берілген КҚТК мен МТНБ үшін мемлекеттік баждың дұрыс және толық төленуі үшін жауапты қызметкерін; 2) КҚТК мен МТНБ-ны есепке алу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамын тағайындайды және бекітеді. Комиссияның құрамына ішкі істер органдары тіркеу-емтихан бөліністерінің (бұдан әрі – ТЕБ) қызметкерлері кіреді. 2. Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу 3. КҚТК-ны дайындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен (бұдан әрі ‒ ІІМ) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерімен (бұдан әрі ‒ ІІД), ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігімен жасалатын келісімшартқа сәйкес кәсіпорын (бұдан әрі ‒ Жеткізуші) жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 қаңтарда №10056 болып тіркелген) бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында көзделген жеке немесе заңды тұлғаның КҚТК-ны беру туралы құжаттары КҚТК-ны дайындау үшін негіз болып табылады. 5. «Автомобиль» автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуімен МТНБ беріле отырып, КҚТК дайындалады және компьютерден басып шығарылған әрбір параққа реттік нөмір беріле отырып, КҚТК мен МТНБ беру туралы мәліметтерді күнделікті жинақтау жолымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу тізілімі (бұдан әрі ‒ Тізілім) қалыптастырылады. 6. КҚТК беру мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін алушының Тізілімге қол қоюы арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат көлік құралдарын тіркеуге және КҚТК беруге негіз болған құжаттармен бірге тігіледі. Дайындалған, бірақ берілмеген КҚТК-лар ТЕБ-те жанбайтын сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады және оларды беру иелерінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Тізілімдердің жинақталуына қарай жеке номенклатуралық іс қалыптастырылады. 7. Материалдық-жауапты адам Тізілімнің деректері бойынша дайындалған КҚТК-ны есепке алуды жүзеге асырады. Есепке алу деректері бойынша әр айдың соңында Жеткізуші мен ТЕБ материалдық-жауапты адамының арасында КҚТК дайындау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі ресімделеді. 8. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі ‒ ІІМ ӘПК), ІІД-нің және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің әкімшілік полиция басқармалары (бұдан әрі ‒ ІІД ӘПБ) есеп беру айынан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей Тізілімді ІІД-нің және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қаржы қызметтеріне (бұдан әрі ‒ Қаржы қызметі) ұсынады. 9. КҚТК дайындау процесінде ақау туындаған кезде материалдық- жауапты адам Жеткізушінің өкілімен бірлесіп, ақау шығу себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада ақаулы өнімді есепке алу актісін жасайды. Ай сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-іне актінің бір данасы Қаржы қызметіне, екіншісі Жеткізушінің өкіліне жолданады, үшіншісі материалдық-жауапты адамда сақталады. ТЕБ қызметкерлерінің кінәсінен жол берілген ақауды, оның саны шығарылған өнімнің жалпы санынан 1%-дан асқан жағдайда, ақауға жол берген қызметкер төлеуі тиіс. 3. Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау 10. Жеке және заңды тұлғаларға МТНБ-ны беру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін: 1) жаңа МТНБ-лар – Тізілімге қол қойғызып; 2) МТНБ телнұсқалары – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген МТНБ телнұсқалары тізіліміне қол қойып жүргізіледі. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат МТНБ-ны, оның ішінде телнұсқаларды беруге негіз болған құжаттармен бірге тігіледі. 11. МТНБ-ны жоғалтқан немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (бір данасы немесе жиынтығы) көлік құралы иесінің ТЕБ-ке жүгінуі бойынша КҚТК-ны ауыстырмай, отыз жұмыс күні ішінде МТНБ телнұсқасын дайындау жүргізіледі. МТНБ-ның телнұсқасын дайындауға өтініш әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін МТНБ-ны алып қою мәніне тексерілгеннен және автомобиль үшін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 280 пайызы және мотокөлік құралдары мен тіркемелер үшін 140 пайызы көлемінде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты алғаннан кейін қабылданады. МТНБ-ның телнұсқасын берген кезде қолда бар түпнұсқа ТЕБ-ке тапсырылады. Көлік құралы иесінің еркі бойынша оның атына жаңадан тіркелетін көлік құралына бұрын оған тіркелген, МТНБ берілген көлік құралын есептен шығарған жағдайда МТНБ телнұсқаларын дайындауға рұқсат етіледі. МТНБ-ның телнұсқаларын беру үшін негіз болған құжаттар жеке істерге қалыптастырылады және сақталады. 12. Ұлттық стандарттың және бір өңірдің шегінде көлік құралын мемлекеттік тіркеу талаптарына сәйкес келген кезде бұрын пайдалануда болған МТНБ-ны автомобиль үшін АЕК-ның 280 пайызы көлемінде және мотокөлік құралдары үшін АЕК-ның 140 пайызы көлемінде мемлекеттік баждарды төлей отырып, мынадай жағдайларда: 1) МТНБ берілген, бұрын оған тіркелген көлік құралын есептен шығарған жағдайда, оның атына жаңадан тіркелетін көлік құралына иесінің еркі бойынша; 2) МТНБ берілген, көлік құралының тіркеу деректері өзгерген кезде беруге жол беріледі. 13. ІІД ӘПБ тіркеу-емтихан жұмысы бөлімдері (бұдан әрі – ТЕЖб) ағымдағы айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде алынған, бөлімшелерден, ауданаралық тіркеу-емтихан жұмысы бөлімшелерінен (бұдан әрі – АТЕЖб), топтардан, ауданаралық тіркеу-емтихан жұмысы топтарынан (бұдан әрі – АТЕЖт) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ дайындауға және жеткізуге арналған, жаңа және МТНБ телнұсқаларына нақты қажеттілікті ескере отырып құрастырылған өтінімдердің негізінде, Қаржы қызметімен алдын ала келісілген, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі айға МТНБ дайындауға және жеткізуге арналған өтінімді ресімдейді және бекіту үшін ағымдағы айдың 15-іне дейінгі мерзімде ІІМ ӘПК-ге ұсынады. ІІМ ӘПК 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ дайындауға және жеткізуге арналған жиынтық өтінімді ресімдейді және Жеткізушіге жолдайды. 14. Жеткізушінің өкілі жиынтық өтінімге сәйкес ТЕБ өкіліне МТНБ-ны түсіріп беруді жүзеге асырады. 15. МТНБ-ны жеткізуді Жеткізуші ІІМ ӘПК, ІІД және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі тиісті бөліністерінің деректемелері бойынша өтінімге сәйкес өңірлерге жүк багажын түсіру арқылы жүзеге асырады. Жеткізілетін МТНБ-ның әрбір партиясына Жеткізуші жүкқұжаттың және МТНБ қабылдау актілерінің үш данасын қоса береді. 16. МТНБ-ны Жеткізушіден қабылдауды ІІМ ӘПК-де, ІІД-де және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінде материалдық-жауапты адам Жеткізушіден келген жүкқұжаттың, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны қабылдау актісінің негізінде оларды алған күні жүзеге асырады. Үш жұмыс күні ішінде актінің бір данасы Жеткізушіге жолданады, екіншісі Қаржы қызметіне беріледі, үшіншісі ТЕБ материалдық-жауапты адамының істерінде сақталады. 17. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТБН-нің кірісі-шығысын есепке алу кітаптары ІІМ ӘПК, ІІД ӘПБ және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі кеңселерінде (хатшылықтарында) тіркеуге жатады. 18. Ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келетін, ТЕБ-ке уақытша сақтауға қабылданған МТНБ-ны есепке алу осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТЕБ-ке уақытша сақтауға қабылданған көлік құралдарының МТНБ қабылдауды және жұмсауды есепке алу кітаптарында жүзеге асырылады, олар ІІМ ӘПК-нің, ІІД ӘПБ-нің және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кеңселерінде (хатшылықтарында) тіркеуге жатады. Сақтау мерзімін МТНБ-ны уақытша сақтауға тапсыратын көлік құралының иесі белгілейді, бірақ МТНБ-ны ТЕБ-ке тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. МТНБ-ны ТЕБ-ке сақтауға қабылдау кезінде көлік құралының иесіне осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ сақтауға қабылдау туралы қолхат беріледі. ТЕБ-ке тапсырылған МТНБ-ны сақтау және сақтау мерзімі өткеннен кейін оларды жою осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 19. Материалдық-жауапты адамдар берілген МТНБ (жаңа және телнұсқа) есебін жүргізеді. Кітаптың кіріс бөлігіне жазу үшін МТНБ-ның кірісіне арналған құжаттар, ал шығыс бөлігіне – осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны басқа материалдық жауапты адамдарға беруге толтырылған жүкқұжаттар немесе Тізілімдердің және берілген МТНБ телнұсқалары тізілімдерінің қорытынды деректері негіз болып табылады. Жұмсалмаған МТНБ қалдығы Кітапта әр айдың басында, сондай-ақ тексеріс жүргізу сәтіне шығарылады. Дайындалған және берілмеген МТНБ ТЕБ-те жанбайтын сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады. 20. ІІД ӘПБ ТЕЖб, ІІМ ӘПК және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі есеп беру айынан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей, тиісті бөліністің Қаржы қызметіне осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізілімді және берілген МТНБ телнұсқалары тізілімдерін қоса отырып, МТНБ-ның қозғалысы туралы есеп ұсынады. 21. МТНБ-ны басқа ТЕБ-терге беру кезінде материалдық-жауапты адам 3 данада жүкқұжат ресімдейді және оларды сенімхат бойынша береді. Жүкқұжаттың бір данасын істің материалдарында қалдырады, екіншісін – Қаржы қызметіне жолдайды, үшіншісін – ТЕБ-тің материалдық жауапты адамына – МТНБ-ны алушыға береді. 22. ТЕБ қоймасындағы МТНБ қалдығының шекті лимиті алдыңғы өткен үш ай ішінде нақты берудің орташа айлық бір жарым еселік мөлшерінен аспауы тиіс. Белгіленген лимитті бақылауды ІІМ ӘПК-нің, ІІД ӘПБ-нің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің және ІІД, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі қаржы қызметтерінің басшылары жүзеге асырады. 23. Көлік құралдарынан алынып тасталған және одан әрі пайдалануға жарамсыз МТНБ-лар ТЕБ-ке тапсырылады. Бұрын пайдалануда болған МТНБ-ны жоюды Комиссия осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ-ны жою актісін ресімдей отырып, МТНБ-ны екіге бөліп қию жолымен жүргізеді. Жойылған МТНБ олардың жиналуына қарай, бірақ жылына кемінде екі рет металл қабылдау пункттеріне тапсырылады. Тапсырудан түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне аударылады. Металл сынықтарын тапсыру туралы анықтамалар және республикалық бюджеттің кірісіне аударылған сомалар туралы түбіртектер есеппен бірге Қаржы қызметіне тапсырылады және жеке номенклатуралық іске тігіледі. 24. ІІМ ӘПК осы Қағидалар талаптарының сақталуы мәніне ТЕБ-ті тексеруді екі жылда кемінде бір рет, ІІД ӘПБ жылына екі рет жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 1-қосымша нысан Көлік құралдарын тіркеу тізілімі Р/с № Тиесілігі ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) Көлік құралы Берілгені Төленгені Алғаны туралы қолы Қызметтік белгілері КҚ маркасы Сәйкестендіру нөмірі (VIN) Түсі Шасси нөмірі Шанақ нөмірі КҚТК-нің сериясы, нөмірі МТНБ-нің сериясы, нөмірі Төлемді рас­тайтын құжат­тың атауы, № Сомасы теңге КҚКТ МТНБ Сатып алу заң­ды­лығын рас­тайтын құжат Есептен шығару (қайта тіркеу) Шығ­а­ры­л­ған жылы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 Қызметтік белгілер _____________________________________________ ТЕЖб, ТЕб, ТЕБ, ТП бастығы: ________________________________________ (атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) М.О _______________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) №__парақ 20__жылғы «__» _____ №___парақ 20__жылғы «__»_____ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 2-қосымша нысан _________________________облысының тіркеу бөлінісі бойынша (бөліністің атауы) ақаулы өнімді есепке алу актісі 20__жылғы __________ Құжаттың атауы Сериясы мен нөмірі Ақаулы өнімнің орнына берілді Ақаудың туындау себебі Ақауға жол берген адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және лауазымы Қолы 1 2 3 4 5 6 Ақаулы өнімнің орнына берілді ТЕЖб (АТЕЖб, ҚТЕЖб) бастығы ________________________________________________ (атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) Жеткізушінің өкілі _____________________________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)), қолы) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 3-қосымша нысан 20__жылғы________________ Берілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері телнұсқаларының тізілімі Р/с № Иесінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ұйымның атауы КҚТК сериясы және № МТНБ сериясы және нөмірі Типі Саны дана Төлемді растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні Қолы Алған күні 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Жиыны Х Х ІІМ ӘПК, ІІД ӘПБ ТЕЖб (АТЕЖб, (ҚТЕЖб), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы ______________________________________________________________________________________________ (атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) 20__жылғы «__» ______ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 4-қосымша нысан Бекітемін ҚАІІО бастығы _______________________________ (атағы) _______________________________ (қолы) (Т.А.Ә (ол болған жағдайда)) 20__жылғы «__»_________ _______________________________ (ҚАІІБ (б) атауы) Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған өтінім 20_____жылғы___________ Р/с № МТНБ типі Литер-Сериясы Бастапқы нөмірі Соңғы нөмірі Саны, дана 1 2 3 4 5 6 ҚАІІБ(б) ТЕБ(ТП) бастығы ____________________________________ (атағы, қолы, (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 5-қосымша нысан Келісілді ІІД ҚҚЕБ бастығы __________________________________________ (атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы) 20___жылғы «__» ________ Бекітемін ІІД ӘПБ бастығы __________________________________________ (атағы, қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда), қолы) 20___жылғы «__» ________ __________________________________________________ (ІІД ӘПБ-нің атауы) Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған өтінім 20__жылғы__________________________ Р/с № МТНБ типі Литер-Сериясы Бастапқы нөмірі Соңғы нөмірі Саны, дана 1 2 3 4 5 6 ІІД, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі ӘПБ ТЕЖб бастығы _____________________________________________________ (атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы) 20 жылғы «__» ______________ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 6-қосымша нысан Бекітемін Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК төрағасы ____________________________________ (атағы) ____________________________________ (қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындауға және жеткізуге арналған жиынтық өтінім 20__жылғы_______________________ Р/с № МТНБ типі Литер-Сериясы Бастапқы нөмірі Соңғы нөмірі Саны, дана 1 2 3 4 5 6 Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК лауазымды адамы: _______________________________________________________ (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы) 20__жылғы «__»__________ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 7-қосымша нысан Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қабылдау актісі 20__жылғы «__»___________ _______________________ (елді мекен) _________________________________________________________________ (ІІМ ӘПК, ІІД ӘПБ, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі) бастығының 20__жылғы «__»________№____ бұйрығының негізінде әрекет ететін мынадай құрамдағы комиссия ________________________________________________________________________________ (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) Жеткізушінің өкілі ____________________________________________________________________ қатысуымен (лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) _____________________________________________________________________________________________ (жеткізушінің атауы, заңды мекенжайы, БИН) келіп түскен МТНБ-ны 20__жылғы «__» _________№________ жүкқұжат бойынша қабылдады. Орамды ашу кезінде мыналар анықталды: ______________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ (сериясының литерлерін көрсете отырып, типі, саны бойынша МТНБ санамаланады, оның ішінде жарамсыз, жетіспейтін, артық МТНБ санамаланады) Қабылдау актісі үш (төрт) данада жасалды және: 1-данасы ‒ Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК-нің, ІІД ӘПБ ТЕБ-тің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің материалдық жауапты адамына; 2-данасы ‒ Жеткізушіге; 3-данасы ‒ Қазақстан Республикасы ІІМ ҚҚЕД-ге, ІІД, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің ҚҚЕБ-ге берілді. Комиссия мүшелері: _______________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы) Жеткізушінің өкілі: _________________________________________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы) Осы актіде атаулары жазылған барлық бағалы заттар өзімнің қатысуыммен тексеріліп, актіге дұрыс енгізілді және оларды мен қабылдадым. Материалдық-жауапты адам ___________________________________________ (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы) 20__жылғы «__» _______________ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 8-қосымша нысан Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің кіріс-шығысын есепке алу кітабы КІРІС Келіп түскен күні Жүкқұжат № Кімнен алынды МТНБ сериясы Нөмірленуі Саны Бағасы, теңге Сомасы, теңге Нөмірден Нөмірге дейін 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Шығыс Қалдық Жұм­салған күні Жүкқұ­жаттың немесе Тізілі­мнің № МТНБ сериясы Нөмірден нөмірге дейін қоса алғанда Саны, дана Бағасы, теңге Сомасы, теңге Сериясы Нөмірден нөмірге дейін қоса алғанда Саны, дана Сомасы, теңге 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 9-қосымша нысан ТЕБ-ке уақытша сақтауға қабылданған көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қабылдауды және жұмсауды есепке алу кітабы 20____жылғы ________ Р/с № Көлік құралы иесінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), ЖСН және мекенжайы МТНБ типі МТНБ-ның цифрлық белгісі Уақытша сақтауға тапсырылған күні Уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні МТНБ-ны беру/ жою күні МТНБ-ны тапсырғаны туралы иесінің қолы МТНБ-ны алғаны туралы иесінің қолы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ІІМ ӘПК, ІІД ӘПБ және ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі ТЕЖб бастығы __________________________________________________________________ (атағы, Т.А.Ә (ол болған жағдайда), қолы) 20__жылғы «__» ______ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 10-қосымша нысан МТНБ-ны сақтауға қабылдау туралы ҚОЛХАТ Көліктің иесінен алынды 20__жылғы «___»________________ сериясы ______ № _________________ (қабылдау күні) Тіркеу белгілері _____________ саны ____________________ (МТНБ түрі) (дана) 20__жылғы «___»________________ (сақтау мерзімінің аяқталу күні) Көлік иесінің деректері:______________ № ________________ ЖСН _________ (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) (жеке куәлігі) (ЖСН) Тұрғылықты жері: _____________________________________________________________________________ (нақты тұратын жері) Көрсетілген сақтау мерзімі өткен соң талап етілмеген МТНБ белгіленген тәртіппен жойылатын болады. 20__жылғы «___»___________________________ ___________________ (иесінің (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) (иесінің қолы) ІІО лауазымды адамы _____________________________ (қолы, (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 11-қосымша нысан Жіберуші ____________________________ Алушы __________________________ Кім арқылы __________________________ Сенімхат бойынша ____________________ 20 жылғы «__» ___________ №______жүкқұжат Р/с № МТНБ типі МТНБ, реттік нөмірі, сериясы Саны Бағасы, теңге Сомасы, теңге 1 2 3 4 5 6 1 Жиыны Жіберді _________________(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _____________ /қолы/ Қабылдады ______________(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _____________ /қолы/ М.О. М.О. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 12-қосымша нысан ______________________ (ІІО бөлінісінің атауы) 20__жылғы_______________ Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қозғалысы туралы есеп Р\с № МТНБ-ның типі Бағасы, теңге Айдың басындағы қалдығы Бір айдағы кіріс Бір айдағы шығыс Айдың соңындағы қалдығы Саны, дана Сомасы, теңге Саны, дана Сомасы, теңге Саны, дана Сомасы, теңге Саны, дана Сомасы, теңге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 1 ІІМ ӘПК, ІІД ӘПБ ТЕЖб (АТЕЖб, (ҚТЕЖб), ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы _______________________________________________________________________________________________ (атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) 20__жылғы «__» ______ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру және дайындау қағидаларына 13-қосымша нысан Бекітемін Орган басшысы _______________________________ (лауазымы, атағы) _______________________________ (қолы) (Т.А.Ә.(ол болған жағдайда)) 20__жылғы «__» _______ Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жою актісі 20__жылғы_______________ Р/с № МТНБ типі Сериясы Нөмір­ленуі Саны, дана Сериясы Нөмір­ленуі Саны, дана Сериясы Нөмір­ленуі Саны, дана Барлығы 1 2 3 4 5 6 Жиыны Жиыны Жиыны Барлығы _____________________________________ (саны жазумен) Комиссия мүшелері __________________________________________________________ (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) ___________________________________________________________ (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) ___________________________________________________________ (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11186 болып енгізілді.